Қосшы қаласы мектеп-гимназиясында қала мектептері арасында «Тәлімгер және жас маман педагогикалық Дуэт»алалық жас мамандар мен тәлімгерлердің сайысы өтті. Байқаудың мақсаты: инновациялық жүйеде жұмыс атқаратын шығармашылық қабілеті жоғары, дарынды жастарды анықтау, креативті, тәжірибелі тәлімгер ұстаздарды насихаттау, мәртебесін көтеру; Міндеті: жас мамандардың біліктілігін, кәсіптік шеберлігін қалыптастыруға, іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға ықпал етуші тәлімгерлердің жұмысын жас мамандар жұмыстары арқылы көрсету;мұғалім мәртебесін көтеру және тәлімгерлер мен жас маман арасындағы командалық жұмыстың мәдениетін қалыптастыру, үздік педагогикалық
тәжірибелерді тарату. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен қатысушылар төмендегідей жүлделерге ие болды!
БАС ЖҮЛДЕ, 30 ООО теңге ($) - Қосшы мектеп- гимназиясы Гүлстанова Лаура Оңғазықызы, Тәлімгері: Мустафина Гүлжан Сағынбаевна
I орын 25000 теңге - Қосшы қаласының №3 мектебі Дәреже Айгерім, Тәлімгері: Кадирова Сабира Ниятхановна
II орын, 20000 теңге - «Дара» бизнес академиясы Уменова АсельАзимхановна, Тәлімгері: Бекмурзина Толқын Тайшыбаевна