"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 3 мектеп-лицейі " КММ
"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 3 мектеп-лицейі " КММ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЕСЕП 2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы “Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласының №3 мектеп-лицейі” КММ

ЕСЕП

2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралыАқмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласының №3 мектеп-лицейіКММ

 

          Қосшы қаласы бойынша мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуі мемлекеттік қызметтер көрсету функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді.

            Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

          Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

қызмет алушыларға шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де мән-жайларға қарамастан тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

          Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңға жол бермеу;

  • мемлекеттік қызмет көрсету саласында есептілік пен ашықтық;
  • мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  • мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін тұрақты жетілдіру;
  • мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік.

       Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласының №3 мектеп-лицейі  КММ-де он жеті мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау.
  2. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау.
  3. 1-сыныпқа балаларды қабылдау және құжаттарды қабылдау.
  4. 10-сыныпқа балаларды қабылдау және құжаттарды қабылдау.
  5. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қабылдау және құжаттарды қабылдау.
  6. Алыс ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері бағытта тегін тасымалдауды ұсыну.
  7. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну.
  8. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беру үшін құжаттарды қабылдау және жолдама беру.
  9. Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау.

     10.  Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.

      11. Білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өтуге құжаттарды қабылдау.

     12. Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету).

     13.Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету.

     14. Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарына қабылдау және құжаттарды қабылдау.

     15. Мектепке қабылдау туралы өтінішті кері қайтарып алу.

     16. Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру.

     17. Бос лауазымға орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау.

     Барлық мемлекеттік қызметтер 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 24-бабы негізінде тегін көрсетіледі.

     Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген, 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік  қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген стандарттар мен қағидаларды басшылыққа алады.

    2025 жылы барлығы  865 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «ПЭП» арқылы –   865.

    Жүргізілген талдау негізінде 2025 жылы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

     “Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау және құжаттарды қабылдау” – 396 ;

“Балаларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау” – 539.

     Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Қосшы қаласының интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілген сайын бұл бөлім білім бөлімінің сайтында тұрақты түрде жаңартылып отырады. Сондай-ақ ақпарат мемлекеттік органдарда жалпыға қолжетімді орындарда ақпараттық стендтерде орналастырылған.

     Сонымен қатар, Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласының №3 мектеп-лицейі КММ-де мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен тәртібі туралы стенд рәсімделген.

    2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Instagram желісі арқылы 2 тікелей эфир өткізілді.

    2025 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ.

     Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, бағалау және қоғамдық мониторинг жүргізу келесі қағидаттарға негізделеді:

  1. заңдылық.
  2. объективтілік;
  3. бейтараптық;
  4. шынайылық.

    2026 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тиімділігін арттыру және қызмет алушылардың қанағаттанушылығын көтеру мақсатында тиісті шаралар қабылдау қажет, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар.

     «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар үлесін арттыру, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін көбейту бойынша жұмысты жалғастыру.

  Байланыс ақпараты:

 “Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласының №3 мектеп-лицейі” КММ. Заңды мекенжайы: Қосшы қаласы, орам 2,  құрылыс 8, электронды мекенжайы: kosshy3mail.ru

Телефон нөмірі: 8 (71651) 5-32-32

 


Текст