16.04.2023 Қосшы қалалық Орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен Тайтөбе ауылдық мәдениет үйінде Ж.Аймауытовтың 135 жылдығына орай «Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді» тақырыбында конференция өтті.
Конференцияға профессор, филология ғылымының докторы, Жүсіпбектанушы Рақымжан Тұрысбек, Қосшы қаласы Тілдерді оқыту орталығының директоры Әлия Қуатжанқызы, Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылы мектеп мұғалімдері мен кітапхана ұжымы қатысты.
Конференцияда Ж.Аймауытовтың өмірі, шығармашылығы, «Психология» еңбегі, ұрпақтары мен олардың естеліктері айтылды. ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси ахуал мен әдеби орта тақырыптары талқыланды.Конференцияға қатысушылар Жүсіпбектану саласына елеулі еңбек атқарған ғылым доктарына ерекше ықылас таныта алғыстарын білдірді. Белсенділік танытқан ұстаздар қауымына сертификат табысталды.