Текст
Ұйымдар тізімі
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ N°3 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ
18 қараша күні мектебімізде 1–11 сыныптардың ата-аналар комитетінің жалпы жиналысы өтті. Жиналыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көптеген маңызды мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі негізгі бөлім – ата-аналар комитетінің жаңа төрайымын сайлау болды. Сонымен қатар комитет жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында көмекшілер мен хатшы тағайындалып, алдағы жоспарлар келісілді.
Жиналыс нәтижелі өтіп, ата-аналар қауымдастығының бірлігі мен белсенділігі тағы бір мәрте айқын көрінді.
