Текст
Ұйымдар тізімі
Мектебіміздің директоры Балдекова Ж.К. ұстаздардың әдістемелік құзыреттілігін арттырып, сабақ сапасын одан әрі жетілдіру мақсатында профессор Баянғали Ғалымжанұлын арнайы шақыртты.
Баянғали Ғалымжанұлы – білім беру жүйесінде енгізіліп жатқан жаңашыл өзгерістердің жаршысы. Кездесу барысында мұғалімдер құнды ақпарат алып, тәжірибеге негізделген тиімді әдіс-тәсілдермен танысты.
Ұстаздар үшін мазмұнды әрі пайдалы кездесу өтіп, уақыт тиімді пайдаланылды.
