Мектепішілік пәндер олимпиадасы Қараша айының 4-12 күндері Қосшы қаласы№3 ЖОББ мектебінде 5-11 сыныптар аралығында мектепішілік пәндер олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға барлығы 187 оқушы қатысты. Олимпиада қатысушылары тиісті пәндер бойынша құрастырылған тапсырмаларды орындап, нәтижесінде жүлделі орын алған 126 оқушы қалалық олимпиадаға жолдама алды. Мектебіміз жеңімпаздарына қалалық олимпиадада сәттілік тілей отырып, жүлделі орындарға ие болады деген үміттеміз! Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары П.Б.Танатарова
Жаңартылған күні: 14.11.2024 16:20 Құрылған күні: 14.11.2024 16:20