Текст
"Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы" атты өнер бірлестігінің онкүндігі аясында 5"Ә" сыныбында “Халық музыкасының интерпретациясы” тақырыбында музыка пәні мұғалімі Тлеужанова Назым ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақта ұлттық салт-дәстүріміз бесікке бөлеу, тұсау кесу үлгі-өнегелерін әжелерімізбен көрсете отырып, салт-дәстүрге арналған әндер орындалды. Оқушылар өз өнерін көрсетіп, ұлттық аспабымыз домбырамен күйлер шертті!