Текст
01.04.2024 жылы InBio әлеуметтік жобасы аясында Назарбаев Университетінің IGEM студенттік ұйымы Қосшы қаласының №3 жалпы білім беретін мектебінде «BioArt 2024» көрмесін ұйымдастырды. Көрменің ашылу күнінде топ өкілдері синтетикалық биология, Назарбаев Университетіне түсу мүмкіндіктері және басқа да өзекті мәселелер бойынша танымдық дәріс өткізді. Іс-шара әр түрлі сынып оқушыларына бағытталған, оның мақсаты- ғылыми жетістіктерді ұсыну ғана емес, сонымен қатар жастарды ғылымды оқуға ынталандыру. Шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты.