Ұйымдар тізімі
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ N°3 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ
Қосшы қаласы №3 мектеп-лицейінде директор жанындағы кезекті кеңес өтті.
Жиында оқу үдерісінің сапасын арттыру, оқу жылының I-тоқсан қорытындылары және мектептің ішкі жұмыс бағыттары жан-жақты талқыланды.
Кеңесте төмендегі мәселелер қаралды:
• 1-тоқсандағы оқу жетістіктері, білім сапасының төмендеу себептері және «3» пен «4» алған оқушылар бойынша талдау;
• 5–11 сыныптар бойынша математика, алгебра, химия, физика пәндерінен дәптер тексеру жұмыстарын ұйымдастыру;
• Әдебиеттік оқу пәнінің 2–4 сыныптардағы оқытылу жағдайы;
• 5–8 сыныптар арасындағы мектепішілік олимпиада нәтижелері;
• 1–4 сыныптар олимпиадасы мен байқаулар қорытындысы;
• «Ұстаз» платформасының қолданылу барысы;
• Электронды оқулық TopIQ жүйесімен жұмыс нәтижелері;
• Bilimclass платформасы бойынша педагогтар рейтингі;
• Тегін тамақтандыру мәселелері;
• Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары;
• 11-сыныптардың ҰБТ-ға дайындығы.
Кеңес барысында бөлім жетекшілері өз бағыттары бойынша есеп беріп, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтты. Жиын мектептің алдағы жұмысын тиімді жоспарлауға және оқу сапасын арттыруға бағытталды.
