Ұйымдар тізімі
ҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ N°3 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ
ЕР БАЛАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін, жұма күні сағат 12:00-де 9–11 сыныптағы ер балалармен тәрбиелік бағыттағы маңызды жиналыс өтті.
Кездесуге арнайы Мұхамедқали Баймуханов қажы – Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстанның мәдениет қайраткері, гуманитарлық ғылымдар профессоры қатысып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында келесі тақырыптар қамтылды:
1. “Ерлік пен елдік – ата жолы”
2. “Ата-баба аманаты – елге қызмет”
3. “Жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жейді”
Бұл тағылымды басқосу жас ұландардың бойына жауапкершілік, елжандылық, ата-баба аманатына адалдық секілді қасиеттерді дамытуға бағытталды.
Жиын оқушыларға рухани серпіліс беріп, ер бала тәрбиесінің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік жасады.


