Текст
Ұйымдар тізімі
Бүгін Қосшы қаласы №3 мектеп-лицейінде мектепішілік пәндік олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Олимпиада нәтижесі бойынша 1, 2, 3-дәрежелі дипломдармен марапатталған оқушылар өз жетістіктеріне қуанып, бір-бірін қолдап, жағымды атмосфера қалыптастырды.
Алдағы қалалық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатады деп сенеміз.
