Текст
Ұйымдар тізімі
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ N°3 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді
Қосшы қаласы №3 мектеп-лицейінде оқушылардың тамақтану сапасын бақылау мақсатында кезекті мониторинг ұйымдастырылды. Шараға Айтжамал Х., медбике Б. Худакелди, ата-аналар комитетінің өкілі Ж.Б. Асанбаева, мен және бастауыш сыныптар бойынша меңгеруші Ажар апай қатысты.
Мониторинг барысында ас мәзірінің орындалуы, тағамдардың сапасы, санитарлық талаптардың сақталуы және балаларға ұсынылатын тағамдардың балансталуы жан-жақты тексерілді.
Мақсат — оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тамақпен қамтамасыз етілуін тұрақты бақылауда ұстау.
