Қазақстан Республикасының президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасымен облыстар мен қалалардың аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру науқанының басталуына байланысты елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жалғасын табуда.Осыған орай Қосшы қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде іс-шара жоспарына сай “Киелі мекен” тақырыбында 9-11 сынып оқушылары, “Өзін-өзі басқару” ұйымы ,тәрбие орынбасалары мен мектеп мұғалімдері Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай ауылы маңында орналасқан Дарабоз батыр – дарынды қолбасшы Қаракерей Қабанбай бабамыздың кесенесіне ерікті түрде барып, «Таза Қазақстан» акциясына үлестерін қосқысы келді.Ескерткіш тақталарын сүртіп, жан-жағын қоқыстан тазартып, жинастырды. Ағаш түптерін қопсытты.Мемориалдық комплекстің басқарушысы Камал Абдрахман мырза кесене туралы ақпараттар беріп, құнды мағлұматтармен бөлісті. Әңгімені мектеп оқушылары ұйып тыңдап, өз сұрақтарын қойды.
Мақсаты: тазалық қана емес бірлік, еңбек, салауат, қоршаған ортаны аялау сынды қоғамды ізгілікке бастайтын құндылықтарды қамту.
“Тазалық- табалдырықтан басталады” демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау- әрбір азаматтың басты міндеті.