Текст
Ұйымдар тізімі
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ N°3 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ
Мобильдік қоғамдық қабылдау өткізілді. Іс-шараға облыстық мәслихат депутаты Төребаев А.Б. және атқарушы орган өкілі Сейдахметов Р.Е. қатысып, ұстаздар қауымымен кездесті.
Кездесу барысында мұғалімдердің өзекті сұрақтарына жауап беріліп, бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар, білім саласындағы өзекті бағыттар мен даму басымдықтары талқыланды.
Іс-шара нәтижесінде педагогтардың ұсыныстары мен пікірлері назарға алынды.


