Текст
11.04.2024 Балалар жазушысы Бердібек Соқпаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, «Шешендік сөз» үйірме оқушылары «Менің атым Қожа» хикаясын сахналады. Сахналық қойылымға 5-7 сынып оқушылары белсене қатысты. Үйірме жетекшісі: Какабаева Зәуре Балуановна. Жазушының қай шығармасын оқысақ та адам болсам деген үлкен арманды, асқар таудай биік мақсат-мұраты бар балғын кейіпкердің қайсарлығына тәнті боламыз. Ол досқа адалдығымен, зұлымдыққа жаны қас, арманшыл әрі тентектігімен өзіне еріксіз баурайды