2024 жылға мемлекеттік қызметтер туралы есеп
Білім беру мекемесінде 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2. Білім саласындагы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер.
2024 жылы білім саласындағы ең талап етілген мемлекеттік қызметтер: «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдараларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға кабылдау» , Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау"- 186, "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау"-1;
2024 жылы мектебімізде көрсетілген қызметтер саны:
Көрсетілген қызметтер саны:186
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1).Көрсетілетін кызметті алушыларға қажетті барлық акпарат білім беру мекемесінің https://sh3-kosshi.aqmoedu.kz/news/open/id-5246727 Ресми интернет-ресурс «Мемлекеттік көрсетілетін кызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік кызметтерді көрсету ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда мемлекеттік кызмет көрсету ережелері ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уакытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде.
2024 жылы «Қосшы қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат «Қосшы каласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін кызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады. Ай сайын бұқаралык акпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурсы арқылы халықты мемлекеттік кызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік кызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп бірыңғай акпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 4 автоматтандырылған мемлекетті қызметті жүзеге асырады.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.
Мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген жауапты қызметкер көрсетеді, 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарынан өту жоспарлануда.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік кызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
1) 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік кызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тартулар болған жоқ.
Мемлекеттік кызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік кызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.
5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін кызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2025 жылы білім мекемесі жеке және занды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.
Байланыс ақпараты:
«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Заңды мекенжайы: Қосшы қаласы, орам 2, құрылыс 8, электрондық мекенжайы: kosshy3@mail.ru
Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады..
Өтініш беруші туралы ақпарат |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау туралы құжаттың № |
Қабылданған шешімдер |
Қайта қаралған шешім туралы ақпарат |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |