Ұйымдар тізімі
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ N°3 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ
Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мақсатында ата-аналармен (заңды өкілдермен) және білім алушылармен білім беру ұйымдарына кейбір заттарды алып кіруге тыйым салу және шектеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін еске саламыз.
Аталған түсіндіру жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Аталған бұйрықта «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына алып кіруге тыйым салынған және қолданылуы шектелген заттар мен заттектердің тізбесі» бекітілген.
Мектепке және оның аумағына төмендегі заттарды алып келуге қатаң тыйым салынады:
• кез келген қару түрлері (атыс, пневматикалық, газды, травматикалық, сигналдық), сондай-ақ олардың макеттері мен имитациялары;
• шаншып-кесетін және соғып-жаншитын заттар (пышақтар, жүздер, кастеттер, дубинкалар және т.б.);
• оқ-дәрілер, жарылғыш, тез тұтанатын, улы және химиялық заттар;
• пиротехникалық бұйымдар;
• темекі өнімдері, электронды темекілер, вейптер, кальяндар және оларға арналған сұйықтықтар;
• психоактивті және есірткі заттары.

⚜️АДАЛ АЗАМАТ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ⚜️
🔰ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН
🔰АДАЛ АЗАМАТ
🔰ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ
🔹Жасампаздық және жаңашылдық айы
▫️Ұлттық мүдде
▫️Қоғамға қызмет
▫️Талап
Жария талқылау