«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім алушылардың ыстық тамақтануын ұйымдастыру және мониторингтік комисссия жұмысы туралы

 

 

Қосшы қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылар саны- 758 оқушы оқиды."Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес  жалпы оқыту қоры есебінен әлеуметтік қорғалмаған отбасынан – 23 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан - 8 оқушы, көпбалалы, толық емес отбасынан шыққан - 15 оқушы тамақтанады. Оқушылар электронды журналға тіркеуге алынған.


Оқу жылының басында мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша тиісті құжаттар жасалды, бұйрықтар шығарылды. Оқушылардың тамақтану кестесі мен әкімшіліктің асханадағы кезекшілік кестесі бекітілді.  Күнделікті ас мәзірі бекітіліп, ілінеді және мектеп сайтында жарияланып отырады. Өнімдердің сәйкестік сертификаты бар. 

Мектеп бір ауысымда оқиды, 2 және 3 сабақтан кейін оқушылар тамақтанады. Асхана 384 орынға арналған. Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі бракераждық комиссияның жұмыс жоспары дайындалып, комиссия құрамы бекітілді. Мониторингтік коммиссия оқу жылының басында 1 рет   тексеріс жүргізді. Тағамдардың  сақталуы, ыдыс-аяқтың массасы, олардың тағамдық және энергетикалық құндылығы, негізгі дәрумендерге күнделікті қажеттілік бойынша санитарлық ережелердің талаптарының сақталуы, дайын тағамдарды өндіру технологиялық талаптарға сәйкестігі, ауыз су режимінің ұйымдастырылуы,  асхана ыдыстарының жалпы күйі  бақыланды.   

Қол жууға арналған құралдар, орындар бар. Қазметкерлер арнайы жұмыс киімімен қамтылған.





Мектебімізде тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссиясының бірінші бақылауы өткізілді.

Тамақ ішуді ұйымдастыру,ас блогы үй-жайларының жай-күйі,өнімдердің шарттарын сақтау туралы оның ішінде  қоймалар,тоңазытқыштар,ет цехы, көкөніс цехы,ұн цехы, нан цехы,пісіру цехы,жұмыртқаларды сақтау және пайдалану,құжаттар ,тұрмыстық бөлме барлық блоктар талапқа сай.

Тексеру барысында олқылықтар болмады.

Жаңартылған күні: 29.09.2023 12:27
Құрылған күні: 26.09.2023 22:17

Текст