Қосшы қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде қыздар жиналысы өтті.
Жиналысқа 5-11 сынып қыздары қатысты.
Жиналыста төмендегі мәселелер қарастырылды:
1. Мектептің ішкі тәртібі
2. Буллинг және кибербуллинг
3. Кәмелетке толмағандар арасындағы әлімжеттік
4. Электронды темекі, оның зияны
5. Түнгі уақытта жүрмеу
6. Қыздар гигиенасы
7. Жыныстық қолсұғылмаушылық
8. Сабақтан себепсіз қалмау
Жиналыста мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жапарова Салтанат Бақытқызы, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Отаралиева Акгуль Алдабергеновна аталған мәселелер бойынша ақпарат беріп, баяндама жасады.
Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Жиналыстың мақсаты - қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
✅️Ар-ұят: әдеп нормаларын ұстану. Сөзіне берік ісіне адал болу.
✅️Талап: салауатты өмір салтын ұстану. Дұрыс қарым-қатынас ұстана білу.