«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектептің ішкі тәртібі" тақырыбында 5 «Б» сыныбында сынып сағаты өткізілді.

"Мектептің ішкі тәртібі" тақырыбында 5 «Б» сыныбында  сынып сағаты өткізілді.Сынып жетекшісі: Сағидоллақызы Ж.

Мақсаты: оқушыларды  мектеп ережелерімен таныстыру, түсіндіру, оқушылардың мектептегі міндеттері мен құқықтарын білуге шақару және мектепке мектеп формасымен келуге дәріптеу.
 
Оқушылардың мектептегі міндеті:
- Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, басқармашылық органдарының шешімі мен мектеп директорының бұйрығын сақтауға;
- басқа оқушылардың, мектеп қызметкерлерінің намысы мен абыройын, құқықтарын сыйлауға, олардың қызығушылықтарын шектемеуге, кішіге көмек көрсетуге;
- тәртіпті болуға, мектепте және мектептен тыс қоғамдық тәртіпті сақтауға, мектеп формасының талаптарын ұстануға;
- оқуға саналы түрде қарауға, сабақтар мен басқа да жұмыстарға уақытында келуге, жұмыс орнында тәртіп сақтауға, сабақты босатқан жағдайда мекемеден ресми құжаттар әкелуге;
- мектеп мүлкін сақтауға, басқа адамдардың еңбегінің нәтижесіне, отырғызылған көкке ұқыптылықпен қарауға;
- электркөзін, суды, химиялық препараттар мен басқа материалдарды үнемділікпен жұмсауға;
- Жарғыға жатқызылатын бөлік бойынша, мектеп қызметкерлерінің талаптарын орындауға.
Жаңартылған күні: 29.07.2024 12:04
Құрылған күні: 29.07.2024 12:04

Текст