«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жазушы, этнограф Жұмашәріп Шәһадатұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында қызықты әңгімелер айтылып, алдағы жоспарлары туралы бөлісіп, сыр шертті. Кездесуге оқушылармен қатар, педагогтар мен кітапханашылар қатысты. Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, сөйлеу мәдениетін арттыру, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге, өз ойын дұрыс жеткізе білуге баулу. Жас ұрпақты оқуға деген құштарлығын ояту. Кездесу соңында, мектеп кітапханасына жазушы өз кітаптарын сыйға тартты.Мұндай жиындардың өскелең ұрпаққа берері мол екенін, әрбір оқушының өзі туған жерінің жазушысын біліп өсуі, жерлестеріміздің шығармаларын насихаттау мақсатында осындай кездесу кештерін көптеп ұйымдастыру қажеттігін тілге тиек етіп, өз алғысын білдірді.