Текст
Ұйымдар тізімі

Құрметті сайт пайдаланушылары мен қадірлі қонақтар!
Сіздерді мектебіміздің ресми сайтына қош келдіңіздер деп шын жүректен қарсы аламын!
Біздің білім ордамыз – жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен ұжымның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Мектеп – тек білім алатын орын ғана емес, сондай-ақ баланың тұлға болып қалыптасуына бағыт-бағдар беретін рухани орта.
Біз үшін әрбір оқушының жетістігі – мектеп мақтанышы, ал ата-аналардың сенімі – ең үлкен бағамыз.
Осы сайт арқылы мектебіміздің тыныс-тіршілігімен, жетістіктерімен және жаңалықтарымен танысып, пайдалы ақпарат ала аласыздар деп сенемін.
Бүгінгі таңда білім беру саласындағы басты мақсат – жаңашыл, шығармашыл, елжанды, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. Осы бағытта біздің ұжым үнемі ізденіс үстінде еңбек етуде.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Білімнің шамшырағы әрдайым жарқырай берсін!
Құрметпен, мектеп директоры - Балдекова Жанар Кошкенқызы!
